Украина президенті Владимир Зеленскийдің VIII шақырылымдағы Жоғарғы Раданы таратып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлығы күшіне енді.
Украинфорум мәліметінше, кезектен тыс сайлау 21 шілдеге жоспарланған. Осы мақсатта Украина министрлер кабинетіне Жоғарғы Раданың кезектен тыс сайлауын қаржыландыру тапсырылды. Сайлауға қатысты ресми құжатта: «Украина Конституциясының 90-бабы екінші бөлігі 1-тармағы, 83-бабы алтыншы және жетінші бөлігі, 77-бабы екінші бөлігіне және 106-бабы бірінші бөлігі 7 және 8-тармақтарына сәйкес, VIII шақырылымдағы Украина Жоғарғы Радасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қаулы етемін. Украина Жоғарғы Радасының кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 21 шілдесінде өткізілсін», - делінген.
Парламент коалициясындағы депуттатардың аздығына байланысты Зеленский командасы Жоғарғы Раданы мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылдаған. Осыған дейін коалицияны «Самопомощь» және «Батькивщина» партиялары тастап кеткен. Қазіргі уақытта Парламентте «Петр Порошенко блогы» мен «Халық фронтының» 226 депутаты бар. Бұл саны жағынан Парламенттің жартысы ғана.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті