Cайлауға байланысты әлеуметтік сауалнама жүргізсеңіз, жазаға тартыласыз.
Бас Прокуратура қазақстандықтарды сайлау заңын бұзбауға шақырды.
«Бас Прокуратура кезектен тыс президент сайлауының өту барысын жіті бақылауда. Оның ішінде Конституциядағы «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына» сәйкес, әлеуметтік сауалнама жүргізудің тәртіптерін бақылау да бар» - делінген ведомства баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Бұдан бөлек, Бас Прокуратура сайлау туралы әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізу заңға қайшы екендігін ескертеді және бірнеше адамның аталмыш заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын мысалға келтіреді.
«Мамыр айының 17-і күні «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сауалнама жүргізгені үшін Алматы қаласының тұрғынына 120 баптың 3 тармағына сәйкес 15 АЕК (37 875 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Дәл осындай заң бұзушылық негізінде «Facebook» әлеуметтік желісінде сауалнама жүргізгені үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды» - делінген мәлімдемеде.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы маусым айының 9-ы күні өтеді. Қазіргі уақытта кандидаттар сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Ол маусымның 8-іне дейін жалғасады. 8-ші маусым - тыныштық күні.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?