Түркия президенті Режеп Ердоған "Анкара Ресеймен бірлесіп, әуе шабулынан қорғаныс жүйесін өндіреді" - деп мәлімдеді.

Бұдан бөлек Ердоған америкалық F-35 қорғаныс жүйесін сатып алуды жалғастыра беретінін де жеткізді.

Түркия 2017 жылы Ресейден С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алу жөнінде келісімге келген. Келісімге сәйкес жүйе 2020 жылдың көктемінде Түркияға жеткізіле бастау керек. Бірақ тараптар алғашқы кешенді биыл шілде айында жеткізу жөнінде уағдаласқан.

Бұл келісім америка-түрік қарым-қатынасын нашарлатып жіберді. Уашингтон Кремльдің қолына НАТО өндіретін F-35 әскери ұшақтар жөнінде жабық ақпарат түседі деп қауіптенеді. АҚШ сенаты егер Түркия С-400 кешенін орналастыратын болса, оған қарсы санкция енгізе алмаймыз деп мәлімдеді.

"The Qazaq Times"