АҚШ Түркияға берілген сауда жеңілдіктерін алып тастады.
Мамыр айының 16-ы күні АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға берілген сауда жеңілдіктерін алып тастауға байланысты құжатқа қол қойды. Осылайша Ақ үй Анкараға 1975 жылы берілген сауда жеңілдіктерін алып тастады.
«Мен 2019 жылдың 17-ші мамырынан бастап Түркияны дамушы елдер қатарынан алып тастауды ұйғардым. Себебі оның экономикалық дамуы бұған сәйкес келмейді» - деп мәлімдеді Трамп.
Негізінде Түркияға берілген сауда жеңілдіктерін алып тастауға байланысты мәселе Ақ үйде 2018 жылдың тамыз айында қарала бастаған. Дәл осы уақытта екі ел қарым-қатынасы ушыққан. Кейіннен тараптар келісімге келіп, Уашингтон Анкара тауарларына салынған салық көлемін азайтқан. Бірақ бұл келісім ұзаққа созылмады. Екі ел қарым-қатынасы мамыр айының басында қайта ушықты. Оған Түркияның Ресейден С-400 зымыран жүйесін сатып алуы себеп болды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?