Иран халқы АҚШ-қа қарсы тұру жолын таңдады.
«Иран халқы АҚШ-қа қарсы тұру жолын таңдады. Бірақ бұл әскери немесе қарулы қарсылық емес. Соғыс болмайды. Бұл Иран мен АҚШ-тың сана қақтығысы. Бұл жерде біз күштірекпіз. Себебі біз құдайға сенеміз» - деп мәлімдеді Ираның рухани көсемі аятолла Әли Хаменей.
Бұдан бөлек Хаменей Иран алдағы уақытта АҚШ-пен ядролық келісімге байланысты ешқандай келіссөздер жүргізбейтіндігін айтты.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп «Егер Иран АҚШ-қа қарсы қадамдар жасайтын болса, зардап шегетін болады» - деп мәлімдеген.