Иранға қарсы экономикалық қысымның соңғы сол елдегі экономикалық дағдарысқа алып келді. Шарасыз қалған Иран режимі қандай да бір қарсылық әрекеттерге баруы мүмкін. Тіпті қарулы қақтығыстың да мүмкіндігі барған сайын артып келеді. Бұл көршілес аймақтар мен әлем елдерін алаңдатуда.
Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп Иран АҚШ-тың өңірдегі мүддесіне қарсы қарулы әрекеттерге баратын болса оның салдары Иран үшін аса ауыр болатынын ескертті. Бұндай мәлімдемені ол Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды қабылдау кезінде ортаға салды.
«Иранмен арадағы қайшылықтың қалай шешім табатынын уақыт көрсетеді. Егер, Құрама Штаттарға қарсы әрекеттерге баратын болса бұның салдары Иран үшін аса ауыр болады. Біз қатаң жауап қайтарамыз», – деген президент Трамп.
Иран мұнай экспортының шектеуге ұшырауы ел экономикасын ауыр дәрежеде тұралатты. Дағдарыс жалғаса түссе, бұл Иран режимі мен халқы үшін үлкен қиындық алып келмек. ИИР режимі бұл сынаққа қарсы тұруға қауқарлы екенін айтуда.
Алайда, елдегі саяси қарсылықтар да күшейе түскен. Қарулы күштер жасаған мәлімдемеде, қажет болса Парсы шығанағындағы АҚШ кемелеріне әуе шабуылын жасауға дайын екендерін де айтты. Бұл Орта-Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлкен қатер төніп келе жатқанын аңғартады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы