АҚШ Таяу Шығысқа 120 мың әскер жіберуге дайын.
"The New York Times" басылымының мәліметінше, АҚШ Иранмен арадағы қарым-қатынас бұдан ары ушығып, Теһран Таяу Шығыстағы Америка контингентіне қарсы күш қолданып, атом бомбасын жасау процесін жылдамдататын болса Пентагон аймаққа қосымша 120 мың сарбаз жіберуге дайын.
Айта кететін бір жайт, АҚШ 2003 жылы Иракка басып кіргенде де Таяу Шығысқа 120 мың сарбазын аттандырған.
Мамыр айының басында Пентагон Таяу Шығысқа Авраам Линкольн ұшақтасымалдағыш кемесі мен қосымша бомбалаушы ұшақтар жібергенін мәлімдеген. Олар өздерінің бұндай қадамға баруын Иран тарапынан төніп тұрған қауіппен түсіндірген.
Өз кезегінде Иран Ақ үйден аймақтан әскерін алып кетуін талап етіп, қажет болған жағдайда АҚШ-қа соққы жасауға дайын екендігін мәлімдеген.