Иран Революция сақшылары корпусы Әуе күштерінің бас қолбасшысы мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Парсы шығанағындағы соғыс кемелеріне әуе шабуылын жасауға дайын екендерін айтты. Бұл туралы сол елдің IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Сақшылар корпусы Әуе күштерінің бас қолбасшысы Әмір Әли Хажизаде АҚШ-тың ұшақ тасымалдаушы кемесі Иран әскери базаларына жалғасты жақындай түссе соққы жасауға дайын екендерін жеткізген. Ол сөзінде: «АҚШ-тың шығанақтағы 50-ге жуық соғыс ұшақтары мен 6 мың әскери қызметкері бар ұшақ тасымалдаушы кемесі біздің қауіпсіздігімізге қатер төндіріп келді. Бірақ, біз қазір бұл соғыс кемелерін нысанаға алып отырмыз», – деген.
Иран әскери шендісі мәлімдемесінде, Иран жағадан 700 шақырым қашықтықтағы АҚШ кемелерін атуға толық қабілетті екенін айтты. Оның айтуынша, Иранның зымыран шабуыл қуаты Парсы шығанағындағы АҚШ әскери кемелерін жоюға мүмкіндігі бар.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау