Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының өту барысын қадағалайтын 67 бақылаушыны тіркеген. Бұл жөнінде ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина мәлімдеді.
«6 мамыр күні Орталық сайлау комиссиясы 45 бақылаушыны тіркеген. Олардың 7-і ТМД елдері миссиясынан, 22-і ТМД үкіметаралық ассамблеясынан, 12-і ЕЫҰҚ-ның (ОБСЕ) сайлауларды бақылау миссиясынан, 4-і Ислам әріптестігі ұйымынан. Мамыр айының 8-і күні сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша, ЕЫҰҚ-ның сайлауларды бақылау миссиясының 22-і бақылаушысы тіркелді. Бүгінгі таңда президент сайлауының өту барысын қадағалауға 67 бақылаушы аккредитациядан өтті. Бұл ақпарат жіберілген өтініштерге қарай толықтырылып отыратын болады» - деді Баймолдина.

Фото: tengrinews.kz
11 мамыр күні сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Ол маусым айының 8-іне дейін жалғасады. 8 маусым – тыныштық күні.
Кезектен тыс президент сайлауы маусым айының 9-ы күні өтеді. Дауыстарды санау сайлау аяқталғаннан кейін 12 сағат ішінде жүзеге асырылады.
Биылғы кезектен тыс президент сайлауына 7 кандидат қатысуда.
"Нұр Отан" партиясы - Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Ұлт тағдыры" қозғалысы - Әміржан Қосанов.
Қазақстан кәсіподақтар федерациясы - Амангелді Таспихов.
"Ұлы дала қырандары" қозғалысы - Сәдібек Түгел.
"Ақ жол" партиясы - Дания Еспаева.
"Ауыл" партиясы - Төлеутай Рақымбеков.
Қазақстан коммунистік халық партиясы - Жамбыл Ахметбеков.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел