Ұлыбритания Еуропарламент сайлауына қатыспақ. Бұл туралы Британияның Үкімет істері жөніндегі министрі Дэвид Ливингстон BBC арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Ұлыбританиядағы саяси топтар əлі күнге дейін Еуропалық Одақ құрамынан шығу туралы нақты келісімге келе алмаған. Сол себепті 23-26 мамыр аралығында өтетін Еуропарламент сайлауына қатысуға мәжбүр.
10 сəуірде Брюссельде Еуроодақ саммиті өтіп, Ұлыбританияның ұйымнан шығу мерзімі қазанның соңына шегерілген болатын. Алдағы уақытта премьер-министр Тереза Мэй үкіметі Brexit келісімі бойынша оппозициялық партиямен ортақ шешімге келіп жатса, Лондон одақтан ерте шығуға өтініш бере алады.
Айта кетейік, 2016 жылы өткен жалпыхалықтық референдум бойынша Британия Еуроодақ құрамынан екі жыл ішінде шығу туралы шешімге келген. Бұған қатысты саяси топтар арасында келіспеушілік орын алып, Brexit келісімі кейінге шегеріліп келеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел