Қырғызстан Өзбекстанның үстінен халықаралық сотқа шағымданбақ.
Қырғызстан үкіметі Ыстықкөлдегі Өзбекстанға тиесілі төрт пансионатты қайтару үшін соттасқалы жатыр. 2017 жылы сол кездегі премьер-министр Сапар Исаков инвестиция мен шағымды қайтарып алу үшін Ташкентке демалыс орындарын қайтарып беруге шешім шығарған.
Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күні Халықаралық арбитраж сотында істі қарау жалғасып жатыр. Таяуда арбитраж трибуналы бұл мәселенің мән-жайын тексеруді аяқтаған. Енді сот оның маңызын қарауы тиіс.
2016 жылы Темир Сариев жетекшілік еткен Қырғызстан үкіметі Совет заманынан бері Өзбекстан пайдаланып келген пансионаттарды мемлекет қарамағына қайтаруға байланысты шешім шығарған. Олар - "Рохат-НБУ" (кейін "Алтын-Жай" деп өзгертілді) "Алтын құм" ("Бостери"), "Дилором" (кейін "Енесай") және "Бустон" (атауы сол күйінде қалды) пансионаттарын кері қайтармақ болған. Бірақ Өзбекстан мұнымен келіспей, халықаралық сотқа шағымданған.
2017 жылдың желтоқсан айында Сапар Исаков жетекшілік еткен үкімет демалыс орындарын Өзбекстанға кері қайтаруды ұйғарған. Бірақ тараптар бұл шешімге сол күйі қол қоймаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?