ҚР Бас Прокурорының орынбасары Б.Дембаевтің «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының тәртібінде жасаған үндеуі ресми prokuror.gov.kz сайтында жарияланды.
Үндеуде «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде. Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын. Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз. Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады», – делінген. Сонымен қатар, Бас прокуратура «құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады» деп ескертті.
1 мамырда Қазақстанның бірнеше қалаларында билікке қарсы наразылық шаралары өткен болатын. Наразы топ «Біздің өз таңдауымыз бар!», «Нұр-Сұлтан астанамыз емес!», «Халық пікірімен санасыңыздар», «Көп балалы аналарға жәрдем берілсін!», «Шындықтан қашып құтыла алмайсың!» деп айқайлады. Сонымен қатар, шеруге шыққандар АЭС құрылысының жүзеге аспауын талап етіп, алда келе жатқан кезектен тыс президенттік сайлауға бойкот жариялаған. Сол күні Ішкі істер министрлігі митингке шыққан 80 адамның ұсталғанын хабарлады. Ұсталғандардың үстінен әкімшілік іс қозғалып, кей азаматтарға «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен 20АЕК көлемінде айыппұл салынған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы