Венесуэладағы саяси-әлеуметтік, экономикалық дағдарысқа байланысты, ел азаматтарының шет мемлекеттерге қоныс аударуы күн сайын артып келеді. Бір ғана ақпан айының өзінде Венесуэла шекарасынан әр күні 500-ден астам адам шығып отырған.
Бразилияның шекара қорғаныс тарабы жасаған мәлімдемеде, соңғы бір аптада Венесуэладан 2 мыңнан астам босқын Бразилия территориясына кірген. Каркаста қауіпсіздік күштері мен оппозиция арасындағы қақтығыс болған күні және оның ертесінде Бразилияның солтүстік шекарасынан 1418 босқын тіркелген.
Мәліметтерге қарағанда, ақпан айында Бразилияға әр күні 474 адам кіріп отырғаны мәлім болған. Мадуро билігі 21 ақпанда Бразилиямен шекараны жауып тастаған. Сонда да босқындардың шекара аттауын тоқтата алмаған.