Гүлнара Кәрімованың азаматтық некедегі күйеуі Рустам Мадумаровтың фирмасы сатылымға қойылды.
Өзбекстанда «EDEL VEYS-ALI» компаниясының 100 пайыз акциясы сатылымға қойылған деп хабарлайды жергілікті "Гранд радиосы".
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сату демпинг тәсілі арқылы жүзеге асады. Бастапқы бағасы 4,1 млрд. сум (480 мың доллар шамасында). Аукцион 8 мамырда өтеді деп жоспарлануда.
Осыған дейін Өзбекстанның Бас прокуратурасы Гүлнара Каримованың азаматтық некедегі күйеуі Рустам Мадумаровты "жемқорлыққа қатысы бар" деп айыптаған. Ол 2014 жылы ұзақ мерзімге түрме жазасына кесілген.
Ал Швеция прокуратурасы "Рустам Мадумаров Гүлнара Каримова шетелдік ірі телекоммуникациялық компаниялардан пара алған кезде, делдал болуы мүмкін" екендігін айтқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?