Түркия мен АҚШ Қара теңізде бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді.

Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Түркия мен АҚШ әскери теңіз күштері Қара теңізде бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын өткізген. Жаттығуға АҚШ-тың 6-шы флотының «USS Ross» Эсминеці, Түркия әскери теңіз күштерінің «TCG YB. KudretGungor», «TCG Turgutreis» кемелері мен «P-235» патрульдік ұшағы қатысқан.

Естеріңізге салайық, АҚШ-тың «USS Ross» эсминеці Қара теңіз аумағына сәуір айының ортасында келген. Сол уақыттан бері оны Ресей кемелері бақылауда.

Бұған дейін сәуір айының 5-і мен 13-і күндері аралығында Қара теңізде НАТО-ның «Теңіз қалқаны -2019» оқу-жаттығу жұмыстары өткен. Оған Румыния, Болгария, Канада, Түркия, Нидерланд және Греция елдерінің әскери кемелері қатысқан.

"The Qazaq Times"