Оңтүстік Кореядағы адам құқығын қорғау ұйымы мәлімдеме жасап, жақында Солтүстік Корея шекарасынан қашып өткен 7 адамның Қытайда тұтқынға алынғанын, Қытай үкіметі бұл тұтқындарды Солтүстік Корея қайтарып беруі мүмкін екенін айтты. Аталған ұйым сондай-ақ, Солтүстік Корея шекарасын бұзушылар еліне қайтарылса оларды ауыр жазалардың күтіп тұрғанын, сондықтан да Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінен бұл іске араласуын талап еткен.
Дүйсенбі күні Оңтүстік Кореядағы адам құқығын қорғау ұйымы «Корей Әділет бірлестігі» солтүстік кореялық жеті адамның сәуірдің бас шенінде Қытайдың Шыняң қаласының маңында тұтқындалғанын, арасында 9 жастағы қыз баланың да бар екенін мәлімдеді. Аталған ұйым Қытайда ұсталған Солтүстік Корея азаматтарын еліне қайтармау және босқын мәртебесін беру турасында Сеул тарабының араласуын үміт еткен.
Оңтүстік Кореяның «Йонхап» агенттігінің хабарына қарағанда, Оңтүстік Корея СІМ тарабы бұл хабарды алғаннан кейін Бейжің және Шыняң тарабымен байланыс орнатқанын мәлімдеген. Ал, елдегі адам құқығын қорғау ұйымы болса, халықаралық балаларды қорғау конвенциясына сәйкес шекара бұзушыларды күштеп еліне қайтаруға жол бермеуді халықаралық қауымдастықтан талап еткен. Оңтүстік кореялық ұйымның талабына сәйкес, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссия бұл мәселеге баса назар аударатынын білдірген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?