АҚШ-тың Федералды барлау агенттігінің басшысы Кристофер Рэй Қытай мен Ресейге қатысты мәлімдеме жасады.
«Бір де бір ел иновациялық технологияларды ұрлауда Қытайға тең келмейді. Қытай тұңғыш рет әлеуметтік тәсілдерді қолдануда. Олар осы арқылы көптеген компаниялар мен университеттерден жаңа технологияларды ұрлауда» - деді Рэй 26 сәуір күні Уашингтонда сөйлеген сөзінде.
Бұдан бөлек Федералды барлау агенттігінің басшысы АҚШ-тың кибер қауіпсіздігіне келетін қауіп жөнінде де әңгіме қозғады. Онда ол Америке құрама шататтарына кибер шабуыл жасауда айтарлықтай зиян келтіретін Ресей екендігін айтты.
«АҚШ-қа барлау саласында басты қауіп Ресейден келеді. Бұл жерде бірінші кезекте кибер шабуылды айтамыз. Бұны 2016 жылы президент сайлауында болған жағдайлардан байқауға болады» -деп мәлімдеді Рэй.
Бұған дейін сәуір айының 18-і күні АҚШ Әділет министрлігі Мюллер баяндамасын жариялаған. Онда 2016 жылы президент сайлауына Ресей Федерациясының араласпақ болғандығы жөнінде айтылған.
Ресми Мәскеу АҚШ-тың бұл айыбын жоққа шығарады. Ресей СІМ аталмыш баяндамаға байланысты: «АҚШ прокуратурасы Ресейдің сайлауға араласуына қатысты толыққанды дәйек-дәлел көрсете алған жоқ» - деп мәлімдеді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?