Ресей НАТО әскерінен қауіптеніп отыр. Қос тарап арасында шиеленіс ушықпауы үшін, альянс Ресей шекарасына бағытталған әскери іс-әрекетті баяулатуы тиіс. РФ Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов осындай мәлімдеме жасады.
Герасимов өз сөзінде: «Ресейдің шығыс шекарасындағы әскери қимылдарды тоқтатуы керек. Балтық елдері, Шығыс Еуропа мен Қара теңіз маңындағы әскери нысандар мен инфрақұрылымдарды алып тастаса, шиеленіс те азаяды», – деді.
1997 жылы НАТО мен Ресей бір-бірін қарсылас жау көрмейтіндігі жөнінде келісім жасаған болатын. Дегенмен, Ресей тарапының көршілес мемлекеттерге қарсы қолданған «агрессорлық саясаты», Қырымның аннексиялануы, Солсберидегі жағдай, АҚШ-қа бағытталған хакерлік шабуыл сынды оқиғалардан кейін, альянс Мәскеуге қарсы санкциялар енгізіп, тіптен ядролық соққы жасауға дайын екендігін ескерткен.
4 сәуірде Уашингтонда НАТО-ның 70 жылдығына орай өткен жиында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео әлемде «ұлы державалар бақталасының жаңа дәуірі басталғанын» айтқан болатын. Екі күндік жиын кезінде НАТО елдері Қара теңізде әскери кемелерді көбейтуге келісіп, Украина және Грузиямен өтетін жаттығуды арттыруға уағдаласқан. Мұны одақ басшысы Йенс Столтенберг жиыннан кейін хабарлаған. Сондай-ақ, НАТО мен АҚШ Ресейден төнетін қауіп түрлерін талқылап, «қай уақытта да дайын болу керек» деген қорытындыға келген. Ал Ресей сыртқы істер министрлігі 4 сәуірде жасаған мәлімдемесінде Уашингтондағы НАТО кездесуі одақтың «Ресейге қатысты әскери және саяси дұшпандығын доғаруға құлықты емесін көрсетеді» деген.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті