АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Жон Хантсман Мәскеуге ескерту жасады.

«Жерорта теңізіндегі АҚШ әскери теңіз күштері Ресейге жасалған ескерту. Жерорта теңізінде он мың тонна дипломатың бар кезде ешнәрсе айтудың қажеті жоқ. Мен аймақтағы атом кемелері мен ұшақтарды дәл осылай атаймын» - деп мәлімдеді Хантсман.

Естеріңізге салайық, АҚШ әскери теңіз күштерінің «Abraham Lincoln» және «John C. Stennis» атом ұшақ тасымалдағыштары мен10 әскери кемесі және 130 ұшағы сәуір айының 23-і күні Жерорта теңізі аумағына кірген. Пентагон әзірге АҚШ әскери теңіз күштерінің аймақта қанша уақыт болатынын және қандай мақсатта келгендігін түсіндірген жоқ.

"The Qazaq Times"