Майкл Помпео: «Солтүстік ағын-2» - АҚШ-қа қауіпті» - деп мәлімдеді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Ресейдің Германияға газ тасымалдайтын «Солтүстік ағын-2» құбырының құрылысына қатысты пікір білдірді.
«Біз Ресей мен Германияны байланыстыратын газ құбырының құрылысын бақылап отырмыз. Бұл Германия мен АҚШ қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. АҚШ дипломаттары мен энергетика саласының өкілдері Американың ғана емес, Еуропаның да қауіпсіздігі үшін жұмыс істеуде» - деп мәлімдеді Помпео.
Бұған дейін Майкл Помпео «АҚШ-тың «Солтүстік ағын-2» құрылысына қарсы жүргізген жұмыстарынан ешқандай нәтиже шықпағанын» айтқан. Наурыз айында АҚШ Қаржы министрлігі «Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысына қатысты қосымша санкциялар тізімін дайындап жатқандығын мәлімдеген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?