Ливияның Триполи қаласындағы қарулы қақтығыстан 121 адам көз жұмып, 561-і жарақат алған. Бұл жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
Аталмыш ұйым Триполиге қосымша қызметкерлер мен дәрі-дәрмек жіберіп жатқанын мәлімдеді. 4 сәуірде Триполи қаласына Халиф Хафтар басшылық ететін “Ливия ұлттық армиясы" мен оның жақтастары шабуыл жасап, шаһарды қоршап алған.
Ливияда 2011 жылы азаматтық соғыс басталып, ел басшысы Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін, бірнеше топ елге бақылау жасау үшін күресіп келеді. Ірі күштердің бірі БҰҰ қолдауымен құрылған Ливияның батыс бөлігін бақылайды Ұлттық келісім үкіметі мен Хафтарға бағынатын «Тобруктегі үкімет» ұйымы. Қазіргі таңда негізгі күн осы екі ұйымның қолында.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды