Дүниежүзілік саяхаттар сайты TripAdvisor «Эйр Астананы» Travelers’ Choice Awards 2019 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» және «Азиядағы жолаушы жайлылығы» санаттарының жеңімпазы деп мойындады.
Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, кресло жайлылығын, кресло арасындағы қашықтығын, баға мен сапаның үздік ара қатысын, тіркеуді және компанияның ойын-cауық жүйесін жоғары бағалаған. Үздік тасымалдаушылар 2018 жылы әлем бойынша көрсетілген рейтинг пен пікірлер саны және сапасын ескеретін алгоритм бойынша анықталған.
"Біздің әуекомпания сервистің ең жоғарғы стандарттарына үздіксіз ұмтылады, және «Эйр Астана» осы марапаттың иегері болғанына қуаныштымыз, - деді компания президенті Питер Фостер. TripAdvisor сайтында біздің рейспен ұшқаннан кейін пікір қалдырған әрбір жолаушымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді және одан арғы қолдауына сенімдімін", - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Travelers’ Choice Awards марапаты Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Латын Америка, Оңтүстік-Тынық Мұхит аймағы және Океания, және Таяу Шығыс аймақтағы әуекомпанияларға беріледі. Марапат қызмет көрсетудің 4 класы бойынша анықталады: халықаралық бірінші класс, бизнес-класс, премиум эконом-класс және эконом-класс.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?