Украина мен Ресей арасындағы достық келісімі ресми түрде күшін жойды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Былтыр Украина президенті Петр Порошенко мәлімдеме жасап, Ресейден ұзаққа созылған қарулы қақтығыстан салдарынан болған шығындарды өндіріп алу үшін шағымдану жұмыстарын жүзеге асыратын ведомствоаралық орган құруды қарастырамыз деген болатын. Сондай-ақ, «Ресеймен келісімнен шығу – отарлықтан құтылып, Еуропаға бет алу стратегиямыздың бір бөлігі» екендігін айтқан. Украинаның бұл қадамын Кремль «ақылға қонбайтын әрекет» деп атады.
«Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және әріптестік жөніндегі келісімді тоқтату туралы» заң 2018 жылы желтоқсанда мақұлданған болатын. Украинаның жоғарғы радасы 2018 жылы 6 желтоқсанда құжат мерзімін ұзартпау туралы шешім қабылдаған. Сол уақытта Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкин украин дипломаттары Ресеймен 48 келісімді тоқтатқанын, енді таяу уақытта 40 келісімге де нүкте қойылатынын айтты.
Екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімге 1997 жылдың 31 мамырында сол кездегі мемлекет басшылары Леонид Кучма мен Борис Ельцин қол қойған. Жоғарғы Рада мен Мемлекеттік дума құжатты бекіткеннен кейін, келісім 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі