Қырғызстандағы орыс тілінің ресми мәртебесі сақталады. Бұл туралы Қырғыз Республикасының және Ресейдің жоғары оқу орындары ректорларының «Ғылым мен білімнің дамуы - болашаққа құйылған инвестиция» атты форумда қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков айтты.
"Тағы да баса айтам, орыс тілінің Қырғызстанда ресми мәртебесі бар және болашақта да болмақ", - деді президент.
Сонымен бірге, қырғыздың мемлекет басшысы ресейлік ғылыми интелегенция өкілдерін балама энергетика мен гидроэнергетика, су және тау туралы зерттеулер, сапалы медицина, экологиялық таза тұқым мен тамақ өнімдерін өндіру секілді бағытта бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында қырғызстандық белсенділер орыс тілін алып тастауды ұсынған болатын. Белсенділердің ұсынысы бойынша, Қырғызстан толықтай парламенттік басқару жүйесіне көшуі тиіс және заң шығарылғанда орыс тіліне аударылмауы керек. Ол үшін орыс тіліне берілген «ресми тіл» мәртебесін алып тастау қажет. Бұдан бөлек, белсенділер күзде халықтық референдум өткізу үшін 10 мың қол жинайтындарын да атап өтті.
Сондай-ақ, айта кету керек, Ресей президенті Владимир Путин ертең, яғни, 28 наурызда Қырғызстанға ресми сапармен келмек. Кездесу барысында 30-ға жуық құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді