Қырғызстандық белсенділер орыс тілін алып тастауды ұсынды.
Бішкек қаласында өткен дөңгелек үстелде экс-бас прокурор Әзімбек Бекназаров бастаған белсенділер күзде Конституцияны өзгертуге байланысты референдум өткізетіндіктерін мәлімдеді. Бекназаровтың сөзінше, қазіргі парламент президенттің айтқанын ғана орындайды. Себебі Жоғары кеңес толықтай партиялық тізім бойынша жасақталған.
Бастамашыл топ бұл мәселенің шешімі ретінде өз нұсқаларын ұсынуда. Олардың ұсынысы бойынша, Қырғызстан толықтай парламенттік басқару жүйесіне көшуі тиіс және заң шығарылғанда орыс тіліне аударылмауы керек. Ол үшін орыс тіліне берілген «ресми тіл» мәртебесін алып тастау қажет.
Белсенділер күзде халықтық референдум өткізу үшін 10 мың қол жинамақ. Бекназаровтың айтуынша, бұл тек ұсыныс қана. Ал оны қабылдау, қабылдамау халықтың таңдауындағы дүние.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?