1 сәуірде Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жеке қабылдау бөлмесі ашылмақ. Онда президент азаматтарды қабылдайтын болады. Бұл жөнінде президент әкімшілігінің халықтық қабылдаулар бөлімінің меңгерушісі Бахтиер Жамалов хабарлады.
Оның сөзінше, кезекке алғашқы жазылғандарды президент Мирзиеевтің жеке өзі қабылдап, шағымдарын тыңдайды.
Кейін мұндай қабылдаулар онлайн-көрсетілім арқылы жүзеге аспақ.
Президент қабылдауы орналасқан Караташ пен Фуркат көшелерінің қиылысы күрделі жөндеуден өткен. Онда сонымен бірге телекөпір өткізуге барлық жағдайлар жасалған дейді Бахтиер Жамалов.
Ғимаратқа кіреберісте президенттің азаматтарды қабылдайтын кестесі ілініп қойған.
Жамаловтың айтуынша, президент қабылдауына 20 адам өтініш түсірген. Олардың бәрімен Мирзиеев жеке кездеспекші.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?