Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті.
Өзбекстан президентінің ресми сайтында айтылғандай, екі ел басшылары халықаралық мәселелер, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық байланыс және Астана мен Ташкенттің алдағы қарым-қатынасын талқылаған. Сонымен қатар, Шавкат Мирзияев Тоқаевты жаңа лауазымымен құттықтап, «бұл қадам Қазақстан халқы мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа президентке сенім артатындығының дәлелі», – деген.
Айта кетейік, 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететіндігін жария етті. 20 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР президенті лауазымына тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, Астананың атауын «Нұрсұлтан» деп атауды ұсынған. Мұнымен қоса, Тоқаев республикадағы қалалардың орталық көшелерінің атауын да Нұрсұлтан Назарбаевтың атына беруді ұсынды.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі