Бүгін, 20 наурыз Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында қазақтың XX ғасырдағы ұлтазаттық күресі жетекшілерінің бірі, азаттық жолында шаһит кешкен көкжал оғланы Оспан батыр Сіләмұлының туғанына 120 жыл толуына арналған баспасөз конференциясы өтті.
«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастырған, Оспан батырдың 120 жылдық мерейтойының басталуына арналған жиынға тарихшы-қаламгерлер, зиялы қауым мен баспасөз өкілдері қатысты.
Баспасөз жиынын Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов бастап ашты. «Ер Жәнібек» халықаралық қорының президенті Жеңіс Түркия қор аясында жыл бойы ұйымдастырылатын шаралармен қысқаша таныстырды. Аталған қор төрағасының айтуынша, Оспан батырдың 120 жылдығына орай Қазақстаннан тыс Түркия, Моңғолия, Ресей, Франция және Германия елдерінде түрлі шаралар ұйымдастырылып, мерейтой халықаралық деңгейде аталып өтіледі.

Батырдың тіке ұрпағы Өркен Нәбиұлы өз ойымен бөлісті. Фото: QT,
Аталған жиналыста Қазақстан Халық жазушысы Қабдеш Жұмәділов, ақын Жәркен Бөдеш, Темірхан Тебегенов, Арыстан қажы Шәдетұлы, Өркен Нәбиұлы (батырдың немересі), Жәди Шәкенұлы, Мұрат Шаймаран қатарлы жиын қатысушылары Оспан батыр және оның мерейтойына арналған шаралар жөнінде өз ойларын ортаға салды.
- Оспан батырдың 120 жылдығына орай өткізілетін шараларда қазақ күресінен республикалық турнир (29-30 наурыз күндері);
- Сәуір айында «Сұлубайдың әні» атты театрланған қойылым мен халықаралық жыр мүшайрасы және бұқаралық ақпарат құралдарына арналған бәйге жарияланады;
- Бұлармен қатар Түркия орталық қаласы Анкарадағы Мимар Синан университетінде Оспан батырға арналған ғылыми талқы отырысы болмақ;
- Мамыр айында Моңғолияның Баянөлгей аймағында ас беріліп, арнайы жиын өткізілсе, маусымда осыған ұқсас шара Ресейдің Обы қаласында өткізілмек; Маусым айында дәстүрлі «Er Janibek Cup» шағын футболдан турнир батырдың мерей тойына арналып, әлем қазақ жастары Көкшетауда бас қоспақ;
- Тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында ас беріліп, ақпарат құралдарына жарияланған бәйкені қорытындылауды жоспарлаған;
- Қыркүйек айында Оспан батыр туралы монографияның таныстырылымы өткізіледі;
Қазан айында ШҚО-да батыр атындағы мешіттің ашылу салты; - Қараша айында Астана қаласында «Оспан батырдың 120 жылдығын» тақырып еткен республикалық айтыс өтпек;
- Желтоқсан айында жалпы шаралардың қорытындысы Алматыда жасалуды жоспарлаған;

Конференцияға қатысушылар. Фото: QT.
Оспан батыр Сіләмұлының 120 жылдық мерейтойына орай өткізілетін шараларға «Ер Жәнібек» қорымен бірге, «Отандастар» қоры, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Көкшетау және ШҚО әкімдігі, өзге де БАҚ өкілдері мен қоғамдық ұйымдар қолдау көрсетпек.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді