Шымкентте мектеп оқушылары белгісіз иістен уланып, салдарынан 45 адам ауруханаға жеткізілген.
Төтенше жағдай Ынтымақ ақшам ауданындағы №54 мектепте орын алған. Қалалық білім бөлімі таратқан хабарламада: «16:53-тер шамасында №54 мектепте 25 адам белгісіз иістен уланып қалған. Балалардың басы айналған. Оқу орнында негізінен екінші ауысымдағы 4-7 сынып оқушылары болған. Оқиға орнына ТЖД басшылық құрамы мен «ИнтерГазОрталықАзия» мекемесінің арнайы бригадасы, СЭС, «КазГидроМедцентр» мамандары келді. Мектеп ғимаратынан 100-ге тарта ұстаз бен техникалық қызметкерлер, 877 оқушы сыртқа шығарылып, сабақ тоқтатылды. Жауапты мамандар оқиға орнында иісті тексеріп, ғимаратты толықтай қарап шыққан. Нәтижесінде газдың немесе басқа да заттың иісі анықталмаған. Мамандар сырттағы ауада иістің болуы мүмкін деген қортынды жасаған. Өйткені мектептің жылуы тоқтатылған. Ал сыныптардағы терезелер ашық болған»,– делінген.
Мәліметтер бойынша, токсикологиялық орталыққа барлығы 45 адам түскен. Қазіргі уақытта дәрігерлік тексеру жүргізіліп жатыр. Алайда, оқиға салдары әлі де анықталған жоқ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті