Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев басқаратын Социал-демократиялық партиясы оппозицияға өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы 18 наурызда партия өкілі Құндыз Жолдыбаева айтты.
Жолдыбаеваның сөзінше, партияның кезекті съезі 6 сәуірде өтеді.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Ақсы оқиғасының 17 жылдығына арналған еске алу шарасында қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті елде "отбасылық-кландық билікті" қайта орнатты деп айыптаған.
Ол Жээнбековті билікке әкелгені үшін халықтан кешірім сұраған. Сол күні басқа шарада сөйлеген Жээнбеков биліктегі кландық басқаруға қарсы екенін мәлімдеген.
Қырғызстан социал-демократиялық партиясы 1993 жылы құрылған. Атамбаев партияны құрушыларының бірі. Бірақ Атамбаев пен Жээнбеков арасындағы саяси тартыстан кейін партия екіге бөлінген. Бір бөлігіне Атамбаев жетекшілік етеді. Екінші бөлігін (парламенттегі фракциясын) Жээнбеков басқарады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?