Қырғызстанда оппозицияның 500-ге жуық жақтасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізіп, саясаткер Өмірбек Текебаевты босатуын талап етті. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазады.
Шеруге жиналғандардың арасында бұрынғы президент Роза Отунбаева да бар. Олар "Ата Мекен" партиясының жетекшісін және Қырғызстанның Уақытша үкіметінің басқа да мүшелерін саяси себептермен қудалады деп есептейді.
Бас прокуратура "Ата Мекен" парламенттік фракциясының жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Мекеме мәліметі бойынша, Текебек Уақытша үкіметті басқарған кезде бірқатар ресейлік телекоммуникациялық компаниялардың қожайыны Леонид Маевскийден бір миллион доллар пара алған. Сол ақшаға ол ресейлік кәсіпкерді "Альфа Телеком" ЖАҚ басқармасына кіргізуді, одан соң ол компанияны сатуға және оған саяси қолдау көрсетуге уәде берген.
Бұл уәделерін Текебаев орындамаған, алған ақшаны қайтарудан бас тартқан, бұған қатысты ақпарат тараған жағдай оның өзінің көзін жоюға уәде берген. Осындай мәлімдемемен кәсіпкердің өзі Қырғызстанның арнайы қызметіне шағымданған.
"Осылайша, Леонид Маевский Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Өмірбек Әбдірахмановтың, "Пенвел" компаниясының өкілі Раушан Рыкунованың саясаткер Текебаев пен оның жақтастарының "Альфа Телекомға" қатысты түрлі заңсыз әрекеттерге барғаны туралы айтқандарын растады", - делінген МҰҚК мәлімдемесінде.
“The Qazaq Times”