АҚШ президент Дональд Трамп Конгрестің елде төтенше жағдайды тоқтату туралы шешіміне вето қойды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
АҚШ-тың Мексикамен шекара арасындағы жағдай Орталық Америкасынан бірнеше мигрант керуенінің шығуына байланысты, былтыр қазаннан бері шиеленісе түскен. Өз елдерінде аштық-пен зорлық-зомбылықтан қашқан адамдардың бәрі АҚШ-қа өтуді қалайды. Бірақ, Ақ үй басшысы Трамп заңсыз миграцияның артуы елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп, олардың елге кіруіне қарсылық блдірген.
Трамп осыған дейін 8 қаңтарда халыққа жолдау жасап, Мексикамен арадағы шекара мәселесіне қатысты 5,7 млрд долларға жуық қаржы бөлу керектігін айқан болатын. Бірақ, Конгрестегі демократтар президенттің бұл ұсынысын қабылдаудан бас тартып, биылғы бюджет көлемі анықталған жоқ. Бекітілмеген бюджет салдарынан 22 желтоқсаннан бері АҚШ федералды билігінің жұмысы ішінара тоқтатылған болатын. Бұл мәселеге қатысты Дональд Трамптың өзі: «Үкіметтің толығымен қашан жұмысқа кірісетіндігін айта алмаймын. Шекарада қақпа тұрғызылмайынша «шатдаун» жалғаса береді. Бұл қабырға елге заңсыз кіргісі келетіндерге тосқауыл болады. Жаһандық кеселге айналған адам саудасы мен есірткі тасымалына нүкте қояды. Қазіргі уақытта біз адам саудалаушыларды қолға түсіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Ал Мексикамен арадағы шекараға қақпа салынбайынша, осы аталған кеселдермен күресу қиынға соғады»,– деп мәлімдеді.
Екі ел арасындағы шекарадағы ахуалға байланысты Америкада бірнеше уақыт шатдаун болып, елде төтенше жағдай енгізілген болатын. Себебі Трамп оны жариялау арқылы шекараға қорған салуға қажетті қаржы алуды көздеп отыр. Елдің бас прокуроры Ақ үй басшысының әрекеті заңды екендігін айтты.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді