АҚШ Қытайға санкция салмақ.
Ресми Уашингтон Бейжіңге Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы мұсылмандардың құқығын шектегені үшін санкция салатындығын мәлімдеді.
«Біз адам құқықғын бұзғандарды жауапқа тартатын боламыз. Болашақта біз оларға санкция салуымыз мүмкін» - деді АҚШ Мемлекеттік департаменті ресми өкілінің орынбасары Роберт Палладино.
Бұған дейін Мемлекеттік департамент Қытайды Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы мұсылмандардың құқығын шектеп, саяси үйрену лагерьлерінде азаптағаны үшін қатаң сынаған.
Естеріңізге салайық, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы 2018 жылы тауарларға салынатын кеден салығының өсуінен кейін басталған. Оған басты себеп екі ел арасындағы сауда-саттық тепе-теңдігінің болмауы. Ресми Уашингтонның есебі бойынша, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық тепе-теңдігі бұзылған және соны пайдаланып Қытай осы уақытқа дейін 500 миллиард доллар пайда тауып келген.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды