БҰҰ Африкаға көмекті арттырады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Ұйым жұмыстарының 70%-ға жуығы Африкадағы қақтығыстардың алдын алып, лаңкестікпен күресуге, адам құқықтарын қорғауға және азаматтық қоғам құруға бағытталған. Сонымен қатар, БҰҰ құрлықтың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуына көп көңіл бөлмек.
Қазіргі уақытта бітімгершілік әскер Орталық Африка республикасында, Суданның екі аймағында, Кот-д'Ивуар, Мали, Либерия және Конго Демократиялық Республикасында қызмет етуде. Осы ретте бейбітшілікті сақтау операциялары қара құрлықтың тоғыз аймағында басталған. Ал халықаралық күштер Батыс Сахарадағы референдумға дайындықты қамтамасыз етіп отыр. Айта кетер бір жайт, Африкадағы халықаралық күштер қатарында қазақстандық әскери байқаушылар да бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді