Моңғолия «Boeing 737 Max» ұшақтарын ұшыруға уақытша шектеу қойды.
«MIAT» Моңғолия ұлттық әуе компаниясының бұндай қадамға баруына эфиопиялық «Ethiopian Airlines» компаниясына тиесілі «Boeing 737 Max» ұшағының апатқа ұшырауы себеп болған. «MIAT» басшылығы «Boeing» компаниясы аталмыш оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасамайынша, өз әуе паркіндегі бірде-бір «Boeing 737 Max» ұшағы әуеге көтерілмейтіндігін мәлімдеді.
Бұған дейін «Boeing 737 Max» ұшағын ұшыруға Қытай тыйым салған. Ресми Бейжің де өзінің бұл шешімін Эфиопиядағы апатпен байланыстырған.
Естеріңізге салайық, жексенбі күні Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында «Ethiopian Airlines» компаниясына тиесілі «Boeing 737 Max» ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 157 адам көз жұмған.
2018 жылдың қазан айында дәл осындай ұшақ Индонезияда апатқа ұшыраған.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?