Венесуэла оппозициясының жетекшісі Хуан Гуайдо өз жақтастарын 8 наурыз күні шеруге шығуға шақырған болатын. Президент Мадуро бұған қарсы өз жақтастарын 9 наурызға шеруге шығуға шақырды. Әрі бұл шеруді елдің бұрынғы басшысы Чавездың қайтыс болуын еске алуға арнаған.
Президент Николас Мадуро мәлімдемесінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың да 9 наурыз күні Венесуэланы АҚШ-тың ұттық қауіпсіздігіне басты қауіп төндіруші ел ретінде жариялағанын да сөз еткен. Мадуро сондай-ақ, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Венесуэла әйелдерін шеруге шығуға шақырған және сол күні маңызды мәлімдемелер жасайтынын айтқан.
Осыдан бұрын оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо орталық қала Каракаста елдегі кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізіп, аса ауқымды шеру ұйымдастыратынын мәлімдеген еді. Оның ресми мәлімдемесінде шеру ұйымдастыруды кәсіподақ жетекшілері ұсыныс еткен.
Венесуэладағы халықтық ереуілдер сол елдегі азаматтық соғыс қаупін барған сайын күшейтуде. АҚШ бастаған бірқатар Батыс және Латын Америкалық елдердің қолдауына ие Гуайдо өзін уақытша үкімет басшысы ретінде жариялағаннан тартып, елдегі саяси дағдарыс шегіне жетті.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау