АҚШ Түркия және Үндістан тауарларына баж салығын салмақ.
Ресми Уашингтонның хабарлауынша, баж салығын енгізуге қатысты құжат Конгреске ұсынылған. Егер Сенаторлар мақұлдаған жағдайда, құжат қабылданады. Ақ үй басшысы Дональд Трамп арнайы критерийлерге сай өзге елдерге баж салығының салынбайтынын, бірақ аталған екі ел тауарларының сапасы талапқа сай еместігін айтты. Сонымен қатар, Үндістан тауарлары келісілген мөлшерде АҚШ-қа жеткізілмейді.
2018 жылы 31 мамырда Дональд Трамп Канада, Мексика және Еуропа одағы елдері үшін болат пен алюминийге 10% және 25% көлемінде баж салығын енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. Ақ үйдің бұл шешіміне Франция президенті Эммануль Макрон «Le Figaro» басылымына сұхбат беріп: «АҚШ енгізген баж салығы заңсыз әрі үлкен қателік болып табылады, сонымен қатар ол халықаралық тепе-теңдікті бұзады»,– деп мәлімдеді. Кейіннен Макрон америкалық әріптесі Дональд Трамппен телефон арқылы келіссөз жүргізіп, Трамптың болат пен алюминийге баж салығын енгізуі заңсыз әрі қателік деп баға берген.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы