АҚШ президенті Дональд Трамп 4 наурызда Қырымды басып алуына байланысты 2014 жылы Ресейге қарсы енгізген санкцияны тағы бір жылға ұзартты – деп мәлімдеді Ақ үй баспасөз қызметі.

АҚШ Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы алғашқы санкцияларды 2014 жылдың 6 наурызында енгізген. Оған себеп "Ресейдің Украинадағы демократиялық процестер мен институттарды бұзуы; бейбітшілікке қауіп төндіру, қауіпсіздік, тұрақтылық, егемендікке және территориалдық тұтастыққа қол сұғу" делінген хабарламада.

"Ресей билігінің әрекеттері мен саясаты бұрынғыдай Құрама Штаттардың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр", – делінген Трамп мәлімдемесінде.

"The Qazaq Times"