Қазақстан Ұлттық құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин қан допингін қолданғанын мойындады деп хабарлайды Eurosport.

27 ақпанда Аустрияның Зеефельд тау-шаңғы демалыс аймағында өтіп жатқан ӘЧ кезінде қазақстандық спортшыға допинг ережесін бұзды деген айып тағылған болатын. Осындай күдікпен тергеуге алынған аустриялық шаңғышылар Макс Хауке мен Доминик Бальдауф та өз кінәсін мойындап, бостандыққа шықты. Ал эстониялық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъярвті тергеу жалғасып жатыр. Допинг дауына іліккен спортшыларға қойылатын шектеу алдағы уақытта мәлім болады.

"The Qazaq Times"