Қазақстан Ұлттық құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин 2019 жылғы ӘЧ кезінде австриялық полицейлердің тұтқынына айналды. Қазіргі таңда спортшыға допинг ережесін бұзды деген айып тағылып отыр.
«Австрияның Зеевельдтегі қазақстан шаңғы құрамасының штабы бұл жағдайға қатты таңғалып отыр. Егер спортшының допинг қабылдағандығы рас болса, онда федерация бірден мәлімдеме жасайды. Қазіргі таңда біз спортшылардың ережеге сай емес зиянды заттарды пайдаланына қатаң түрде тосқауыл қойған болатынбыз. Әзірге Полтораниннің нақты допинг қабылдағаны белгісіз», деді Ұлттық шаңғы жарысы федерациясының баспасөз-хатшысы Самал Наурызова.
Сонымен қатар, Алексейдің мұндай жағдайға тап болғандығына өзі де қатты таңғалуда.
Естеріңізге сала кетейік, 27 ақпан күні Австрияның Зеефельд тау-шаңғы демалыс аймағында қазақстандық спортшы өзінің ең сүйікті шақырымы бойынша жарысқа шықпаған. Түрлі БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, Алексеймен бірге эстониялық шаңғышы Андрус Веерпалу және австриялық Макс Хауке де допинг пайдаланды деген күдікке ілінген.
Неміс және австриялық полицейлердің халықаралық допинг желісін ашу туралы өткізген акциясы барысында 9 адам құрықталған. Олардың ішіндегі 5- спортшылар. Қазіргі таңда бұл іске Полтораниннің қатысы бар ма, жоқ па анықталуда.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес