Пәкістан Үндістан шекарасына кезекті шабуыл жасады. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Мәліметтерге сүйенсек, Пәкістанның әскери күштері Үндістанның солтүстігіндегі Кашмир және Джамму штаттарына шабуыл жасап, екі тарап арасында атыс-шабыс орын алған. Бұл оқиғадан кейін Үндістан билігі Пәкістанмен шекаралас аймақтағы барлық оқу орындарын жапты және екі ел арасындағы су келісімі тоқтатылды.

Соңғы кездері Үндістан-Пәкістан шиеленісі өршіп келеді. Қақтығыстың ошағына айналған Кашмир аймағында Үндістан армиясы он жылдық тәжірибелерін қайта іске қосып отыр. Үндістан тарабы шекараны бақылауына алу үшін изрильдік технологияларды сатып алған. Шекара бекеттердегі бақылауды күшейтсе де, қақтығысты тоқтата алмай келеді. 14 ақпанда Кашмир және Жамму аумағында болған қайғылы жағдай Үндістан мен Пәкістан арасындағы байланысқа сызат түсірді. Қазіргі таңда Үндістандықтар 44 әскери қызметкерлер құрбан болған террактіні Пәкістан елі жасады деп айыптап отыр. Алайда, Пәкістан билігі бұл оқиғаға қатысы жоғын айтып, кінәнің жалған екендігін алға тартуда. Сол секілді, бұл террактіге нақты кімдердің жауапты екендігін анықтауды талап етіп отыр.

"The Qazaq Times"