Ерболат Досаев Ұлттық Банк төрағасы болып тағайындалды.
Парламент сенаты Ұлттық Банктің су жаңа төрағасы Досаевтың кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады.
«Мемлекет басшысы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышевтың отставкасын қабылдады. Президенттің тапсырмасы бойынша, мен сіздермен Ұлттық Банк төрағасының кандидатурасын талқылауға келдім. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа төраға ретінде Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Ол өзінің қызмет жолында тәжірибелі қаржыгер екендігін көрсетті. Мен сіздердің келісім бреулеріңізді сұраймын» - деді депутаттар алдында сөйлеген сөзінде президент әкімшілігінің төрағасы Әсет Исекешов.
Бұған дейін Ерболат Досаев премьер-министр орынбасары болып қызмет атқарған. Ол бұл қызметке 2017 жылдың тамыз айында тағайындалған.
1970 жылдың 21 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген Ерболат Досаев Forbes журналының 2014 жылғы рейтингі бойынша, Қазақстанның 50 бай адамның қатарына енген. Оның сол кездегі байлығы 110 миллион доллар болған.