Ұлыбритания бір шартты орындаған жағдайда, Еуропалық Одақ «Brexit» жоспарын қайта қарауға рұқсат береді. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер мәлімдеді.
Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан 2019 жылдың 29 наурызында шығуы тиіс. Ал 2020 жылдың соңына дейін ішкі нарықтағы жағдай, дипломатиялық байланыс пен еуропалық саясатқа реформалар енгізілмейді. Дегенмен, Одақ құрамындағы елдер Мэй үкіметінің жоспарына қатысты сенімсіздік танытып отыр. Енді британдықтар Еуропарламентте мамырда өтетін сайлауға қатысуға міндетті.
Мэй желтоқсанда өтетін дауыс беру кезеңін қаңтар айына ауыстырған болатын. Себебі, брекситтің кедендік және біріңғай нарыққа бағытталған келісімшарты Солтүстік Ирландияны қанағаттандырмаған еді. Бұдан бөлек, Ұлыбританияның үкімет басшысы Еуроодақтың да кейбір дүниелерге кепілдік береміз дегенін тілге тиек еткен. Алайда, нақты қандай мақсаттарға екендігін ашып айтпады. Брекситтің дауыс беруі жақындаған сайын, Британия тұрғындарының да алаңдауы жиілей бастады. Осылайша, тәуекелге бас тіккелі отырған корольдіктің азаматтары Еуроодақтағы орнын сақтап қалуды немесе қайта референдум өткізуді ұсынып отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді