Қырғызстан парламентінің депутаты Алмамбет Шыкмаматов: «Қазақстан Қырғызстаннан баратын картоп, құрма және анар өнімдеріне уақытылы су жіберілмегендіктен шектеу қойды» - деп мәлімдеді.
«Анықталмаған ақпарат бойынша, Қазақстан Қырғызстаннан баратын картоп, анар және құрма өнімдеріне уақытылы су жіберілмегендіктен шектеу қойған. Бүгін базарларда картоп бағасы арзандайды. Себебі картоптың басым көпшілігін Қазақстан сатып алатын. «Фитосанитарлық ережелерге сәйкес келмейді» деген жай ғана сылтау. Бұған дейін біздің өнімдерді ешқандай кедергісіз кіргізді ғой. Бүгін ережелерге сәйкес келмей қалып па? Үкіметтің әлсіздігінен, Қазақстанмен дұрыс келіссөздер жүргізбегендіктен бұл проблеманы өз деңгейінде сезінбедік» - деді Шыкмаматов Жоғары Кеңес отырысында.
Қырғызстан экономика министрі Олег Панкратовтың сөзінше, былтыр Қазақстан өз аумағына Қырғызстаннан баратын өнімдер арасында ешқандай құжаты жоқ тауарлардың бар екендігі жөнінде ақпарат тараған.
«2019 жылдың қаңтар айының 24-і күні Қазақстан фитосанитарлық қызметі Астана қаласына қырғызстандық мамандарды шақыртып, аталмыш мәселеге қатысты келіссөздер жүргізілгендігі белгілі болды. Онда Қазақстан тарапы арнайы хаттама толтырып, мәселенің шешілуіне бір ай уақыт берген және талаптар орындалмаған жағдайда шектеулер болатынын ескерткен» - деп мәлімдеді Панкратов.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қырғызстан депутаттары Қазақстан мен Өзбекстанға су сату керектігін айтып бастама көтерген. Олардың сөзінше, Қазақстан мен Өзбекстан осы уақытқа дейін Қырғызстаннан баратын суды пайдаланғаны үшін ешқандай қаржы төлемеген. Тек су қоймаларын жөндеуден өткізу үшін ғана қаржы беріп келген.