Иранда жойқын жарылыс болды.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, ақпан айының 13-і күні Иран Ислам Республикасының оңтүстік-шығысында террорист-жанкешті Ислам революциясын қорғаушылар корпусына тиесілі автобусқа шабуыл жасап, өз-өзін жарып жіберген. Салдарынан 27 сарбаз көз жұмып, 13-і жараланған.

Қазіргі уақытта оқиға орнын Иран арнайы қызметі мен терроризммен күрес бөлімшелерінің қызметкерлері тексеруде. Әзірге аталмыш террорлық шабуылды ешқандай лаңкестік ұйым өз мойынына алмаған.

"The Qazaq Times"