Иран президенті Хасан Рухани Ислам революциясының 40 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада мәлімдеме жасап, Иранның әскери қуатын арттыруды жеделдетіп, зымыран бағдарламасын кеңейту жұмыстарын қолаға алатындарын жариялады.
«Әр түрлі зымырандарды дамыту үшін басқалардан рұқсат алып отырмаймыз, әскери қуатымызды жалғасты арттыра береміз», – деді президент Рухани. Теһран (Тегеран) билігі тұрақты түрде әскери қуатты дамыту арқылы Иран Ислам Республикасының егемендігі мен мүддесін қорғайтынын жеткізген.
Осыдан бұрын Құрама Штат Иранды БҰҰ-ның №2231 шешіміне қайшылық жасады деп айыптаған болатын. Иранның СІМ басшысы Бехрам Қасыми бұған қарсы мәлімдеме жасап, бұл айыптауды АҚШ-тың кезекті «сұрқиялығы» ретінде бағалаған болатын.
Сыртқы істер министрі Қасыми сөзінде: «АҚШ бұндай әрекеттер арқылы өзінің ядролық келісімдегі қате шешімін жасырғысы келеді. Иран қорғаныс қуаты мен зымыран бағдарламасын дамыта береді», – деген.
Дегенмен, Иранның әскери қуатын арттыруы өңірдегі тұрақтылық орнатпайтыны анық. Орта Шығыстағы негізгі ойыншылардың бірі болған Иран Сауд Арабиясы мен Израильге негізгі қарсылас. Бұл өңірдегі үш ойыншы арасындағы әскери бәсекені арттырып, өңірде жаңа жанжалды тақырыптардың тууына мұрындық болуы бек мүмкін.