«Өзбекконцерт» басшысы әншілерді президентті мақтап ән айтпауға шақырды.

«Өзбекконцерт» басшысы Одил Абдукаххаров эстрада жұлдыздарын президентті мақтайтын әндерді шығармауға және айтпауға щақырды. Оның сөзінше, президент Шавкат Мирзиеевке ешқандай жарнаманың қажеті жоқ.

«Президенттің өзі айтқан: «бұдан былай мақтаудың қажеті жоқ» деп. Біз бүгін үнсіз қалсақ, ертең Жаһангер Пазылжонов президентке ұнаймын деп екінші, үшінші әндерін шығарады. Осыдан кейін «тырнақ астынан кір іздейтін» біздің шетелдегі журналистеріміз «билік президентті мақтатып ән шығартуда» деген сарындағы мақалалар жазады. Бұның бізге қажеті қанша?» -деп мәлімдеді Абдукаххаров.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Божалар» тобының әншісі Жаһангер Пазылжоновтың «Президентпен селфи» әні қатаң сынға ұшыраған. Осыдан кейін Өзбекстан мәдениет министрлігінің баспасөз хатшысы Мавлюда Асқарходжаева «Президентпен селфи» әнінің бейнебаяны телеарналардан «Өзбекконцерт» көркемдік кеңесінің рұқсатынсыз көрсетіліп жатқандығын айтқан.

"The Qazaq Times"