Украина ақпан айында Қырым түбегінің маңында ауқымды әскери жаттығу өткізуге дайындалып отырғанын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Украина Қорғаныс министрлігі жағынан жасалған.
Украина Қорғаныс министрлінің мәлімдемесінде, 2019 жылы 4 ауқымды әскери жаттығу өткізуді жоспарлағандарын, бұның алғашқысы ақпан айында Қырым маңында әуе қорғаныс жүйелерінің жаттығуымен басталатынын айтқан.
Әуе қорғаныс күштерінің ресми өкілі жасаған баяндамада: «Биылғы оқу-жаттығулар былтырғыдан көлемді және нақты қорғаныс пен шабуыл жасау жаттығуларына бағытталады. Кезекті әуе қорғаныс жаттығуға «Buk-M1» және «S-300P» жүйелері пайдаланылады. Жаттығу толықтай соғыс жағдайына ұқсатылған», – дейді.
Украинаның кезекті әскери әрекеттері Ресейден төнген әскери қысымға қарсы жауап ретінде жасалып жатқаны белгілі. Екі ел арасындағы жанжалдардың ушығуы әскери қақтығыстың қаупін баған сайын күшейтуде.


















Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты