Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Орталық Азияға қауіп төніп тұрғанын растады. Аталған ұйымның мәліметіне қарағанда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша әртүрлі террорлық ұйымдардың және Ауғанстандағы үкімет күштерінің арасындағы қақтығыстар 40 пайызға өскен. Бұл ең алдымен Орталық Азияның қауіпсіздігіне қатер төндірмек.
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ұйымдастыру штабының жетекшісі Анатолий Сидоров кеше өткізген баспасөз мәжілісінде Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ өңірінің мәселелеріне көбірек тоқталған. «Орта Азиядағы ұйымға мүше елдерге басы қауіп Ауғанстандағы күшейе түскен қаурлы қақтығыстар. Елдегі тәліптер мен өздерін «Ислам мемлекеті» атаған террорлық ұйымның белсенділігі артып келеді. Бұл жағдай өңірдегі «Өзбекстан ислам қозғалысы» және «Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы» ұйымдары үшін қолайлы жағдай жаратып отыр», – дейді Сидоров.
Бірақ, Ұйымдық қауіпсіздік шарт ұйымы АҚШ-тың Ауғанстандағы стратегиясын сынға алған. Бұл ұйым АҚШ-ты Ауғанстандағы дағдарысты шешу үшін емес, керісінше өзінің мүддесін қорғауды басты орынға қойып отыр деп қарайды.
Ресей мен АҚШ Ауғанстан дағдарысын шешу үшін әрекеттерді үйлестіруге күш салып жатқаны байқалмайды. Ауғанстан үкіметіне АҚШ-тың ықпалы Ресейден басым екені белгілі. Қазір тәліптермен келісімдер жүргізуде. Ресей де қарап жатпай, тәліптерді және ауғандық түрлі саяси күштерді диалогқа шақыруда. Уашингтон мен Мәскеу бұл жағында мүлде бірлікке келмесі анық. Бұған қарап, Орталық Азия елдері үшін Ауғанстаннан төнетін қауіптің алдын алу мәселесін өзара талқылауы, ортақ мәселе ретінде шешуге тырысқаны абзал.