Баспаналы болу әр қазақтың арманы, кейбірінің мақсаты. Алайда, қу тірліктің қамытын кигендер мұның соншалықтың ауыр екендігін сезінеді.
Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі ипотекалық жолдар арқылы халықтың басым бөлігі үй алғысы келеді. Бірақ, оның алдыңғы берешегі мен ары қарай төлей мерзімі тым қиын екендігі көңіл көншітеді.
Тіпті, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың өзі 10 жылға алған ипотекасын былтыр толықтай төлеп болғандығын жеткізді. Қаржысы көп министрлерге ипотека төлеу ауыр болса, онда қарапайым халыққа мұның оңайға соқпайтындығы белгілі.
Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында, Сүлейменов баспаналы болу әр қазақстандықтың менталитетінде бар екендігін алға тартып: «Несиені төлеудің ортасына келгенде психологиялық тұрғыдан шаршап қаласың, табыстың біраз бөлігін ипотекаға төлеу керексің. Еңбек мобильділігін ескерсек, бүгін сен Атыраудасың, ертең Павлодарда, сосын Алматыда боласың" деп өзінің қиындыққа тап болғандығын да жасырмай айтқан. Сонымен қатар, «Үйдің сапалы салынғанына қарау керек, дыбыс өткізбейтін болуы тиіс. Сол себепті баспана алғанда тек ипотека бағасына қарамау керек», - деп кеңесін берді.
Экономика министрі мұндай мәлімдеме жасаса, қарапайым қазақтың қандай күй кешіп жатқандығын айтпай-ақ қойған жөн болар...


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі